+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Үсік, тұман, жауын-шашын: Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

2020 жылғы 23 қыркүйек 10:51
Бөлісіңіз:
Үсік, тұман, жауын-шашын: Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елімізде бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні - секундына 15-20 метр.

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 23 метрге дейін болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны - секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны - секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.

Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны - секундына 15-20 метр, кей жерлерде - секундына 28 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT