Үсік сақталады: 2-4 мамырға ауа райы болжамы

Фото:
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2-4 мамыр күндері қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ауқымды солтүстік антициклон елдің солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарындағы ауа райын анықтайды. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды, түнгі уақытта үсік сақталады.

Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн райының құбылмалы сипаты күтіледі – батыста жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі, шығыста нөсер жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар).

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі», - делінген синоптиктердің болжамында.


Соңғы жаңалықтар