Үшжылдық бюджет жобасыман жұмыс барысында антициклдық фискалды саясатқа көшу мәселесін жан‑жақты пысықтау қажет - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 10‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Үшжылдық бюджет жобасыман жұмыс істеуде дағдарыс сабағын ескеріп, антициклдық фискалды саясатқа көшу мәселесін жан‑жақты пысықтауға тиіспіз.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының үшінші сессиясының алғашқы отырысын ашып, сөз сөйлеген палата Төрағасы Қасым‑Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында еліміздің қаржы, экономикалық, әлеуметтік және ғылым мен мәдениет саласында ауқымды шаралар атқарылды. Алайда асар асулар әлі де алда. Елімізде экономиканың тұрақтануы байқала бастады, бұл бәрімізді қуантатын жағдай. Дегенмен, алдымыздағы үшжылдық бюджет жобасыман жұмыс істеуде дағдарыс сабағын ескеріп, антициклдық фискалды саясатқа көшу мәселесін жан‑жақты пысықтауға тиіспіз», деді Төраға.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Сенат комитеттерінің  қарауында 19 заң жобасы бар.  Сонымен бірге, Мемлекет басшысының басым тәртіппен қарап, жедел қабылдауды жүктеген заң жобаларына тоқталған Қ. Тоқаев,  депутаттардан сол құжаттарға баса көңіл бөліп әрі жан‑жақты зерделеп қабылдауды сұрады. Сондай‑ақ, Төраға келесі жылғы ЕҚЫҰ‑ға төрағалықты алда тұрған   абыройлы іс деп атап өтіп,  бұл бағытта Сенат депутаттары да табандылықпен белсенділік танытарына сенім білдірді.

«Бізді алдымызда аса маңызды және жауапты міндеттер күтіп тұр. Осы орайда, депутаттарды еліміздің экономикалық және саяси дамуында алға басу үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға шақырамын», деді Қ. Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар