Ұшуға рұқсат беру мерзімін 6 айға дейін ұзарту жоспарлануда – ҚР ККМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігінде көлік және туристік салалардағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі кешенді шараларды қабылдау мақсатымен құрылған көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Туроператорлардың клиенттерге деген соңғы кезде қайталанып отырған қызмет көрсету жағдайлары аталған жұмыс тобын құру себеп болды.

Кеңеске Азаматтық авиация комитеті, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілерінің одағы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туроператорлар, Туризм индустриясы комитеті, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА), Air Astana және Scat әуе компаниялары, сонымен қатар Көлік прокуратурасы өкілдері қатысты.

Қаралған мәселелердің қатарында қатысушылар әуе компаниялар ын а берілетін ұшу рұқсаты мерзімін 1 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесін талқылады. ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев қазіргі кезде бұйрық жобасы құзырлы ұйымдарға келісуге жолданғанын атап өтті. Әділет министрлігіне тіркеуге бір айдан кейін жолданады деп күтілуде , деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі .

Соңғы жаңалықтар