«Ұшатын мотоциклдер»: Алматыда «FMX Jams 2018» фристайл-мотокросы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күні қарсаңында екінші FMX Jams 2018 фристайл-мотокросы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескі «Астана» алаңында түстен кейін моторлардың гүрілі естілді. Мотокросс жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше трюктерімен таңғалдыру үшін алты жылдан кейін Алматыға қайта оралды.

Трюктерді FMX13 ресейлік командасының спортшылары орындады. Олар салмағы 100 келілік мотоциклмен ауада қалықтап, адам айтқысыз әрекеттерімен мыңдаған көрерменнің көңілін аудартты.

FMX13 командасын  2007 жылы Алексей Колескинок құрған. Оның құрамына ғажап трюктер жасайтын Антон Смирнов, Алексей Орехов, Александр Столирихин, Роман Мочалкин мен Кирилл Гаврилов сынды кәсіби атлеттер кірді. Колесниковтің өзі эндуродан Ресей чемпионы титулына ие және WHIP Contest дәрежесіндегі әлем чемпионатының IFMXF кезеңдерінің екі мәрте жеңімпазы атанған.

Соңғы жаңалықтар