Үшарал-Талдықорған бағытында ұшақ қатынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 11 тамызынан бастап Үшарал-Талдықорған бағытында ұшақ қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу» әуе компаниясы осы жылдың 11 тамызынан бастап Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар сыйымдылығы 19 орындық «L-410» ұшақтарында орындалатын болады. Билет бағасы - 8 000 теңге», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылған Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізіп, пайдалануға рұқсат берді. Бүгін әуе компаниялары Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды.

Рейстерді «SCAT» әуе компаниясы «CRJ2» әуе кемелерінде (сыйымдылығы 50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14 рейс жиілігімен, қалған уақытта 7 рейс орындайтын болады. Билет құны 15 000 және 16 000 теңге. Ұшулар осы жылдың 15 тамызынан басталады.


Соңғы жаңалықтар