Үшарал-Достық тас жолы жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Үшарал-Достық» тас жолы барлық көлік үшін жабылды. Аталған аймақта қатты боран соғып, жол көрінбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қараша күні сағат 14.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал - Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 шақырымы аралығында барлық автокөлік қозғалысы жабылды. Аталған аймақта қатты жел, боран соғып тұр», делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Осыған байланысты, облыстық ТЖД азаматтардан аталған бағыттағы сапардан бас тартуды және 112 қызметі беретін хабарламаны назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайда қажетті барлық затты өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар