Үшарал-Достық автожолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Үшарал-Достық автожолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қаңтарда сағат 19.50-де Жетісу облысы ТЖД-да Алакөл ауданындағы Үшарал-Достық автожолында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында адамдар бар автокөліктер тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті, шақыру орнына дереу Ақши ауылы мен Достық станциясынан құтқару бөлімшелері жіберілді.

«23 қаңтар күні таңғы сағат 9.00-де желдің екпіні 30 м/с-тан астам болған қар қырсауына қауіпті «Ырғайты» учаскесінен 3 автокөліктің салонынан 9 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады», - деп жазды ТЖМ-нан.


Соңғы жаңалықтар