Ұшақты сұрапыл желдің ұшыра жаздаған сәті түсірілген видео желіні дүрліктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Споттерлер Airbus A380 ұшағының сұрапыл желдің салдарынан апатқа ұшырауға аз-ақ қалған сәтін видеоға түсіріп алды. 

Emirates компаниясына тиісті әуе лайнерінің Дюссельдорф әуежайына қонар кезінде «Ксавьер» дауылы ұшырып жібере жаздады, деп хабарлайды belta.by.

Видеодан дауыл ұшақ экипажын күрделі маневр жасауға мәжбүр еткені көрініп тұр. Ұшқыштар қолмен басқару режиміне көшіп, әуе лайнерін ұшу-қону жолағында ұстауға тырысқан. Абырой болғанда оқиға сәтті аяқталды. Ұшақ жолаққа қонар сәтте қанат тұсынан соққан сұрапыл жел оны аударып жіберуге аз-ақ қалған. Сұрапыл жел ұшақты алдымен жолақтың оң жағына, кейін сол жағына қарай ығыстырады, бірақ Emirates ұшқыштары бүйірден соққан алапат дауылдан ұшақты аман алып қалған.

Соңғы жаңалықтар