Ұшақтан ақау табылып, Нұр-Сұлтан - Анталия рейсі үш рет кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «SCAT» әуе компаниясының 4 шілдедегі түнгі сағат 2.00-ге жоспарланған «Нұр-Сұлтан - Анталия» рейсі күндізгі 15.30-да ұшатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР азаматтық авиация комитетінің дерегіне сүйенсек, 228 жолаушыны алып ұшуға тиіс Боинг-757 ұшағынан ақау табылып, түнгі сағат 2.00-дегі рейс күндізгі 10.00-ге ауыстырылған болатын.

«Ұшақ ақауын жөндеуге уақыт көп кетіп, рейстің уақыты тағы бір сағатқа шегерілген. Кейін ақаудың оңайлықпен жойылмайтыны анықталып, әуе компаниясы басқа ұшақ шығару туралы шешім қабылдады. Ол ұшақ қазір Алматыдағы базада сапарға дайындалып жатыр. Аталмыш әуе кемесі Нұр-Сұлтанға сағат 13.00-де ұшып шығады. Кешіккен жолаушылар Анталияға сол ұшақпен 15.30-да сапарға аттанады», - делінген комитеттің ақпаратында.

Ұшақтың кешігуіне байланысты барлық жолаушыларға сусын мен тамақ, жатын орын ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар