Ұшақта жолаушылар мазасын алған Германия азаматына айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желілік ішкі істер бөліміне елорда әуежайында «Эйр-Астана» әуе компаниясынан «Франкфурт-Астана» әуе рейсінің бортында ер адамның тәртіп бұзғаны жөнінде хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері тексеріс жүргізу барысында Германияның 33 жастағы тұрғынын анықтаған. Мас күйінде ұшаққа отырған ер адам қоқан-лоққы көрсетіп, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ, ескертулерге құлақ аспаған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ер адам орташа деңгейде мас болған.

Тәртіп бұзушының үстінен мас болғаны  және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (12 025) көлемінде айыппұл салынды.

Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар