Ұшақ салоны түтінге көміліп, шұғыл қонуға мәжбүр болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – British Airways британдық компаниясы әуе кемесінің салонынан қатты түтін шығып, шұғыл түрде Испанияның Валенсия қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Лондонның Хитроу әуежайынан шыққан А321 лайнері шұғыл қонғаннан кейін 200 жолаушы үрмелі апаттық басқыштың көмегімен эвакуацияланды.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақтың салонын шамамен 10 минуттай түтіннің иісі алып тұрған, алайда жолаушыларға оттегімен демалу маскасы ұсынылмаған.

Mirror британдық басылымының алдын ала ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шеккен, кем дегенде үш адам ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақаттанған жолаушыларға әуежайда қажетті көмек көрсетілді.

Түтіннің шығу себептері әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар