Ұшақ құстарға соғылған: FlyArystan Семей-Алматы рейсі неге кешіккенін түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - FlyArystan компаниясы 9 маусым күнгі КС7152 Семей - Алматы ұшағы құстарға соғылуына байланысты кешіккенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейс Семей қаласының жергілікті уақыты бойынша 9 маусым сағат 22:30-ға ұшады деп жоспарланып отыр.

Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі.

Сондай-ақ, жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады.

«Рейстердің кешігуінің және кейінге қалуының алдын алу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бірақ кей жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екеніне еске саламыз» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар