+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ұшақ бортында шылым шеккен өзбекстандық әйелге айыппұл салынды

2021 жылғы 21 шілде 11:43
Бөлісіңіз:
Ұшақ бортында шылым шеккен өзбекстандық әйелге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері ұшақ бортында шылым шеккен 32 жастағы Өзбекстан азаматына айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақта болған. Компания өкілі Көліктегі полиция департаментіне хабарласып, «Ташкент-Алматы» бағытындағы әуе рейсінің жолаушылары арасында құқық бұзушы бар екенін мәлімдеген.

«Ұшып келген бойда Өзбекстан азаматшасы полицейлерге тапсырылды. Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шегетін Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматын анықтады. Оның үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 41-бабының 1,2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Сондай-ақ, ол 15 шілдеде «Бодрум-Алматы» және «Павлодар-Алматы» әуе кемелерінің бортында да осындай жағдайлар тіркелгенін атап өтті.

«Ол кезде Алматы, Павлодар қалаларының 19 және 36 жастағы тұрғындары электронды шылым шеккені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеген болатын», - деді департамент өкілі.

Ведомствоның дерегі бойынша, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарға барғаны үшін 24 985 азаматты, тыйым салынған жерде шылым шеккен 532 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT