+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды - Алматы әкімдігі

2021 жылғы 13 наурыз 20:39
Бөлісіңіз:
Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы белгілі болды - Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 48 науқас тыныс алу аппаратына қосылған Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберген Өскеменде үйден қашқан 15 жастағы қыз бір айдан кейін Алматыдан табылды

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр.

«Зардап шеккен адамның бірі 33 жастағы ер адамның сол жақ саны ашық сынған, жабық ми жарақатын алған. 25 жастағы жігіт ми жарақатын алған, қол саусақтары сынған. Сонымен қатар, 2-3 дәрежелі күйік алған. Қазір олар Алматыдағы 4 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшін салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды»,- деді басқармадан.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT