Ұшақ апатынан қаза тапқан «Шапекоэнсе» қақпашысы Бразилияның үздік футболшысы деп танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер марқұм болған «Шапекоэнсе» қақпашысы Данило Падильяға Бразилияның ең үздік футболшысы деген атақ берді. Награданы футболшының әпкесі мен анасына табыстады.

Данилоға сауалнамаға қатысушылардың 48 пайызы дауыс берген, деп нақтылайды ТАСС.

Ойыншылар, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бар «Шапекоэнсе» бразилиялық футбол командасының ұшағы 28 қараша күні Колумбиядағы Медельин қаласына ұшып бара жатқанда апатқа ұшыраған. 30 қараша күні Оңтүстік Америка Кубогының аясында "Шапекоэнсе" мен "Атлетико Насьональ" арасында финалдық ойын өтуі тиіс еді. Кейіннен Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) шешімімен кубок «Шапекоэнсе» командасына берілді. 

Соңғы жаңалықтар