Ұшақ апатынан аман қалған Ә.Шаяхметоваға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Жамбыл облысында болған ұшақ апатының салдарынан зардап шеккен әйелге қажетті барлық көмекті көрсетуде, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында Ан-2 ұшағының апатынан кейін тірі қалған Әсем Шаяхметованың жағдайы ауыр болғамыне тұрақты деп бағаланып отыр. Оны емдеу тактикасын анықтау үшін бүгін Шуға Астанадан үш және Тараздан екі маман барды.

Бұған дейін белгілі болғандай, 1986 жылы дүниеге келген Әсем Шаяхметова Шу қалалық ауруханасына 20 қаңтар күні сағат 19 шамасында жеткізілді. Оның оң жамбасы сынған, бас сүйегі зақымданып, миы шайқалған. Қатты шошынған. Дәрігерлерлдің айтуынша, науқас келіп түскен кезде оның жағдайы тұрақты ауыр болды. Жансақтау жағдайында оған шокқа қарсы, бактерияларға қарсы терапия және эритроцитарлық көлеммен гемотрасфузия жасалды. Науқасқа қажет дәрі-дәрмек, қан және оны алмастыратын заттар ауруханада жеткілікті көлемде. «Емдеу тактикасын анықтау үшін бүгін республикалық санитарлық авиациямен Тараз қаласына Онкология және трансплантология Ғылыми орталығынан үш дәрігер келді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар бірден Шу қаласына ұшып шыға алмады. Астана мамандары Тараздағы әріптестерімен бірге Шуға реанимобильдермен шықты. Жақын сағаттарда келуі тиіс», - делінген хабарламада. Бұдан басқа, бүгін апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін психологтар кабинеті мен дәрігерлік қабылдау ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар