+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Ұшақ апатына орай арнайы комиссия Алматыға ұшып шықты

2019 жылғы 27 желтоқсан 09:06
Бөлісіңіз:
Ұшақ апатына орай арнайы комиссия Алматыға ұшып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адам ұсталды Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратында өрттің неден шыққаны анықталды

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған.

Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.

Алматыда құлаған ұшақ ісіна қатысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның егжей-тегжейі мен себептері анықталатын болады. Оқиға мән-жайы анықталғанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Бұған дейін «Бэк Эйр« әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT