+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Ұшақ апатына байланысты шет елдер Парламенттерінің Спикерлері көңіл айтуда

2019 жылғы 28 желтоқсан 16:31
Бөлісіңіз:
Ұшақ апатына байланысты шет елдер Парламенттерінің Спикерлері көңіл айтуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атына басқа елдердің Парламенттерінен ұшақ апатынан жолаушылардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Армения Республикасының Ұлттық Ассамблеясы атынан және жеке өз атымнан «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының салдарынан жолаушылардың қаза болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын», - делінген Армения Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянның жеделхатында.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Төрағасы Дастан Жұмабеков те қазақстандық әріптесіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттары атынан және өз атымнан Сізден қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айту және қолдау сөздерімді жеткізулеріңізді сұраймын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспін», - делінген Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володиннің жеделхатында.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Спикері Мустафа Шентоп түрік халқы бауырлас Қазақстан халқымен орны толмас ауыр қайғы-қасіретті бөлісетінін атап өтті.

Мәжіліс Спикеріне жолданған жеделхаттар келуді жалғастыруда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT