Ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия мәлімдеме жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы жария етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ortcom.kz сілтеме жасап.

«10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады», делінген хабарламада.

Баяндамашылар: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев; Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілген еді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілді.


Соңғы жаңалықтар