Ұшақ апаты: «Bek Air» компаниясының ұшағы ұшып шыққан жол жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайының президенті Болат Ержанов апатқа ұшыраған Bek Air ұшағы ұшып кеткен жолақтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұшақ ұшып шыққан жолақ жабылды. Комиссия Bek Air компаниясымен бірге тергеу жүргізуде», - деді Болат Ержанов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

«Ұшу-қону жолағының жағдайы қалыпты. Дәл осы жолақтан 3 минут бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Мәскеуге ұшты. Бәрі жақсы болған. Әуежай екінші жолақта қалыпты жұмыс істейді», -деп қосты ол.



Соңғы жаңалықтар