Үш жылдық бюджет жоспарлау жүйесіндегі жаңа тәсілдердің бірден бір құралы болып қала береді - Экономика министрі

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үш жылдық бюджет жоспарлау жүйесіндегі жаңа тәсілдердің бірден бір құралы болып қала береді. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осымен екінші жыл Парламенттің қарауына үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын енгізіп отырмыз. Экономиканың қазіргі жағдайында болжам жасаудың қиын әрі «жақсы атақ» әпермейтін іс екендігіне қарамастан, үш жылдық бюджет жоспарлау жүйесіндегі жаңа тәсілдердің бірден бір құралы болып қала бермек. Әрине, алғашқы үш жылдық бюджеттің атқарылуы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан реформаның қаншалықты табысты екендігі туралы айтуға әлі ертерек. Дегенмен, біз бір орында тұрған жоқпыз. Реформаның барысында айқындалған жетіспеушіліктерге талдау жасалып, оларды жою туралы ұсыныстар әзірленіп жатыр. Осы мақсатта Парламентке жуық арада бюджет кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы ұсынылады», деді Б. Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізінде әзірленген. Сондай-ақ бұл болжамды әзірлеген кезде қазақстандық экспорттың негізгі басты ұстанымдарына әлемдік баға құрылуының, әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайдың болжамдық үрдістеріне мән берілген. «Әлемдік экономикада терең экономикалық дағдарыстан шығудың белгілері байқала бастады. Екінші тоқсанның соңынан бастап дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар кейбір баға конюктурасының жақсаруымен және әлемдік нарықта сұраныстың өсуімен орайлас өз жемісін бере бастады. Нәтижесінде Қазақстан экономикасының құлдырау қарқыны баяулады», деді министр.

Соңғы жаңалықтар