Үш жылдық бюджет трансферттері туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулер мақұлданды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі 2023-2025 жылдарға арналған бюджет трансферттері туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа Сенат депутаттары енгізген түзетулер туралы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин мәлімет берді.

«Сенат аталған құжатқа 3 түзету енгізді. Оның ішінде екі түзету жалпы сипаттағы транферттердің көлемімен байланысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жалпы сипаттағы трансферттері мақсаттық транфертке ауыстырылады. Тағы бір түзету облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу жобаларын қаржыландыру тәртібі өзгеруіне байланысы енгізіліп отыр», - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген түзетулерді мақұлдау туралы қаулы қабылдады.


Соңғы жаңалықтар