Үш жыл бұрын жоғалып кеткен қарағандылық Алматы облысынан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өңір полициясының күшімен 2015 жылдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер азамат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандылық тәртіп сақшылары жоғалған азаматты шешесі үш жыл бұрын арыз бергеннен кейін іздей бастаған. Сөйтіп, жоғалған азамат Екібекшіқазақ ауданынан табылды.

«Ер азамат жеке куәлігін ауыстыру кезінде ұсталды. Мәлім болғанындай, ол үйінен туғандарымен жанжалдасып қалған соң кетіп тынған. Осы уақытқа дейін ол Алматы мен қала маңындағы жерлерде кездейсоқ жұмыс істеп нәпақа тауып жүрген. Қазір ол өзінің таныстарының бірінің отбасында Ақбастау ауылында тұрып жатыр»,-деді облыстық ІІД-гілер.

Ер азамат үйіне қайтудан бас тартты, алайда жедел хабар оның үйіне, анасы мен Қарағанды полицейлеріне жіберілді.


Соңғы жаңалықтар