Үш жыл бұрын жоғалған атыраулық Қапшағайдағы казинодан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы үш жыл бұрын із-түссіз жоғалған 25 жастағы жігітті тапты. Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша ол Қапшағай қаалсында жергілікті ойынханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жас жігіт үш жылдан бері іздеуде жүрген. Атырау облысының полициясына оның анасы 2015 жылы ұлының жоғалғаны туралы арыз қалдырған екен.
«Анықталғанындай, 2014 жылдың соңына таман жас жігіт туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалған. Өз бетінше өмір сүрмек болған ол осы уақытқа дейін Алматы қаласында тұрып, туыстарымен байланысын үзіп, еш хабар бермеген. Осыдан үш-төрт ай бұрын ғана ол Қапшағай қаласындағы ойынханалардың біріне аспаз болып орналасқан. Жігіттің табылғаны туралы ақпарат Атырау облысына жіберілді», - дейді ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетерлігі, жалпы өңірлік тәртіп сақшылары жыл басынан бері із-түссіз жоғалып кеткен 200-ге тарта адамды тапқан.
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
- Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
- Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
-
Түркістандық полицейлер боранда жолда қалған азаматтарға көмек беруде
-
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам