Үш жасар баланың желшешектен көз жұмуына қатысты жоспардан тыс тексеру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында үш жасар бала желшешектен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы «Время» газеті жазған. Өткен жылдың желтоқсан айының басында ұл бала желшешекпен ауырып қалған. Көп өтпей баланың денсаулығы нашарлай бастаған. Кейін баланың желшешек энцефалиті өршіп кеткені анықталған.

«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен желшешектен көз жұмған баланың жағдайына қатысты тәуелсіз сарапшылар шақырылып, жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желшешек диагнозы қойылған кезде балаға көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығы тексеріледі», - деп жазды ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында.

Комитет басшысы МӘМС жүйесін үйлестіру бойынша аймақтық штабтардың жұмысы аясында вице-министр Ләззат Ақтаева аталмыш жағдайды назарына алатынын хабарлады.




Соңғы жаңалықтар