Үш тілді білім беруді енгізуде көптеген түсініксіз нәрселердің болуына бізден де кінә бар - Д.Назарбаева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш тілді білім беруді енгізуде көптеген түсініксіз нәрселердің болуына бізден де кінә бар. Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева осылай деді.

«Келесі өзекті қоғамдық резонанс тудырған тақырып, яғни үш тілді білім беруді енгізу. Бұл саясатта көптеген түсініксіз нәрселердің болуына бізде де кінә бар. Мұны мойындаймыз», - деді Дариға Назарбаева.

Оның атап өтуінше, үш тілді білім беру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және ең алдымен 10-11 сыныптарда ғана тек 2019 жылдан басталады.

«Осы мәселе бойынша әлі де түсіндіру жұмыстарын жастар мен оқушылар, олардың ата-аналары арасында да жүргізу қажет. Жұмысты жандандыру үшін біздің әлі де 2 жылдан астам уақытымыз бар»,-  деді вице-премьер.  

Соңғы жаңалықтар