+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Үш өңірде үсік жүреді - Қазгидромет

2019 жылғы 23 қыркүйек 00:44
Бөлісіңіз:
Үш өңірде үсік жүреді - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарында, сондай-ақ желдің күші 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аумақтарында тұман, бұршақ болжанады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде жел 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысында жел 23-28 м/с артады, түнде кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.

Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT