Үш өңірде екінші ауысым үшін сабақтар тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде екінші ауысым үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, Ұлан ауданының Донское ауылында 1-11-сынып, Қасым Қайсенов ауылында 1-4-сынып оқушылары оқымайды.

Жарма ауданы Қарасу ауылында 1-4 сынып, Бесқарағай ауданында 1-4 сынып аралығында сабақтар болмайды.

Өскемен қаласы мен Зайсан ауданында 1-11-сыныптарға оқу тоқтатылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына орай 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Сондай-ақ Ақмола облысының, Аршалы және Целиноград аудандарында 0-4 сыныптар, Степногорск және Бұланды аудандарында 0-5 сыныптар, Біржан сал ауданында 0-11 сыныптар оқымайды.

Еске салайық, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласы мен ШҚО-да бірінші ауысым үшін білім процесі тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысында оқушылар 10 ақпан күні де оқымады.


Соңғы жаңалықтар