Үш өңірде екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатты аязға байланысты кейбір өңірлерде екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларын онлайн оқуға көшірді.

Семей қаласында -25 ℃ аязға байланысты 1- 4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.

Қарағанды қаласында екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары да мектепке бармайды. 5-8 сыныптар үшін сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылды.

Еске салайық, бүгін Астана, Қарағанды қалалары мен Абай облысының жекелеген аудандарында бірінші ауысым оқушылары мектепке барған жоқ.


Соңғы жаңалықтар