Үш өңір «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 21 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1208 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (410) және Нұр-Сұлтанда (203).

Сондай-ақ бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21314 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар