Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 28 °С
Алматы: 31 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

Үш оқушыны қағып кеткен жүргізуші 1,5 жылға сотталды

2018 жылғы 13 қаңтар 18:57 1837
Бөлісіңіз:
Үш оқушыны қағып кеткен жүргізуші 1,5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана үш мектеп оқушысын көлігімен қағып кеткен жүргізуші бір жарым жылға сотталды, деп хабарлады Астана қалалық сотының хатшысы Ботагөз Баянова.

«2018 жылдың 5 қаңтарында Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Жақсыбек Дарханға қатысты қылмыстық істі қарады. Оған ҚК-тің 345 бабы, 3 тармағы, 345 бөлігі бойынша айып тағылды. Яғни ол жолда жүру ережесін өрескел бұзып, оның соңы Ф.Ғ.Мұсаның өлімімен аяқталған. Сондай-ақ жол апатынан А.Т. Ахмедьярова зардап шекті»,-деп жазды Б.Баянова өзінің Facebook парақшасында.

Басты сот өндірісінде зардап шеккен Ахмедиярованың заңды өкілі қылмыстық істі тоқтатуға келісімен берді. Себебі зардап шеккен азаматқа материалдық және моральдық шығын өтелді.

Сот Д.Жақсыбекті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол 5 жыл көлік басқару құқығынан айырылды. Зардап шеккен тарапқа сот 1 500 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы төленді.

Айта кетейік, 4 қыркүйек күні 21 жастағы жүргізуші Момыұшлы даңғылынан өтіп бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, үш баланы қақан. Жол апатының салдарынан 10 және 16 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді. 10 жастағы бала медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

 

 

 

 


Басты сөздер: Астана, Көлік, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат