Үш облыста және Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында батыс, оңтүстік-батыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с-ке дейін жететін күшті жел соғады. Көктайғақ пен бұрқасын болуы ықтимал.

Петропавл қаласында 14 наурыз күні оңтүстік-батыстан соққан жел күші 15-20 с/м болады деп күтілуде. 15 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел соғады, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.

14-15 наурызда Ақмола облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, тіпті 30 м/с-ке жетуі мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын болуы ықтимал.

Астана қаласында 15 наурыз таңертең және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Дауылдың ықтималдығы - 85-90%.

14 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 17-22 м/с жетеді. Орал қаласында 14 наурыз күні тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 18 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар