Үш облыста көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, жел) бірқатар жолдарда жүк және қоғамдық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Телеграмм каналына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы:

«Қызылорда-Павлодар» а/ж, 967-1066 км, Қарағанды бөлігінде – Молодежный кенті. 09.02.2021 жылы сағат 08.30-да қозғалыс ашылды.

«Екатеринбург-Алматы», 1492-1610 км, Қарағанды қаласының бөлігінде – Ақсу-Аюлы кенті. 09.02.2021 жылы сағат 09.00-де жол қозғалысы ашық.

Шығыс Қазақстан облысында:

«Семей-Қайнар» а/ж 8-226 км, Семей қаласының бөлігінде – Қайнар ауылы.

09.02.2021 жылы сағат 08.40-та қозғалыс ашылды.

0-75 км. «Таскескен-Бақты» а/ж, Таскескен бөлігінде – Үржар ауылы. 09.02.2021 жылы сағат 09.20-да қозғалыс ашылды.

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» а/ж 7-166 км, Ушановское бөлігі – Алтай қаласы. 09.02.2021 ж.сағат 09.30-да қозғалыс ашылды.

Алматы облысы:

«Үшарал-Достық» а/ж, 83-184 км, Көктұма станциясы-Достық станциясы телімі («Автодор НС» АБК қайта құрылып жатқан телім). 09.02.2021 ж. сағат 11.00-де қозғалыс ашылды.


Соңғы жаңалықтар