Үш облыста автожолдар толығымен жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің үш өңірінде барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС-ның мәліметінше, осы уақытта ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан (-35 градус) Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында барлық жолдарда қозғалысқа тыйым салынды.

Батыс Қазақстан облысында көру мүмкіндігінің шектеулігіне (бұрқасын) байланысты өңірден шығатын барлық трассалар жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар