Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда «Екатеринбург - Алматы» жолының 835-917 шақырымында (СҚО Чистополье – Ақмола облысы аралығы) және «Тимирязев - Сарыкөл - Қостанай облысы» тасжолының 0-31 шақырымында (Тимирязев - Қостанай облысы) көлік жүруіне тыйым салынған.

Республика жолдарында 736 арнайы техника жұмыс істеп жүр.

Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар