Үш облыс аумағындағы бірқатар жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» компаниясына сілтеме жасап.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) барлық автокөлік түрі үшін республикалық автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды:

- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 159-239 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қайнар алуынан дейін,

- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 165-212 шақырымы аралығы, Кенен ауылынан Қордай ауылына дейін,

- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 536-593 шақырымы аралығы, Айша бибі аулынына Түркістан облысының шекарасына дейін,

- «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-654 шақырымы аралығы, Жамбыл облысының шекарасынын Машат ауылына дейін.

«Қазақавтожол» компаниясы жүргізушілерден жабылған жолға қатысты барлық шектеуді және жол ережесін сақтауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар