+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды

2021 жылғы 13 қаңтар 18:28
Бөлісіңіз:
Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын  талап ету міндетті емес деп санайды

«Қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының клиникалық зерттеулері бойынша бірінші және екінші фаза жүріп жатыр. Жақсы нәтиже көрсеткен аралық қорытындылар да көрсетілді. Үшінші кезең бойынша 25 желтоқсанда клиникалық зерттеу басталды. 11 қаңтарда 3 мың еріктінің барлығына вакцина салынды. Қазір олар зерттеушілердің тұрақты бақылауында. Әзірге басқа дерек жоқ. Жақында соңғы еріктілерді вакцинациялау аяқталды», - деді Н. Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикер коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина бойынша жұмыстарды баяндады. Ақпан айының соңына қарай вакциналар партиясы қолжетімді болуы мүмкін.

«Спутник V» бойынша тәжірибелік партия әзірленді. Бұл партия технологиялық процеске сәйкес, Ресейдегі Гамалея институтының бақылауына жіберілді. Бақылау әлі жүріп жатыр. Оның бақылауы мен сапасына рұқсат беретін нормативтік құжаттарға сәйкес, бір ай жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін нәтижелері әлі келген жоқ. Вакцинациялау мүмкіндігі бойынша, егер оң нәтиже байқалса, Қарағанды фармацевтикалық кешені шығарады. Ақпан айының соңында вакциналауға арналған вакциналар партиясы болады деп үміттенеміз», - деді Нұрлыбек Асылбеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT