+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Үш миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді - сарапшы

2019 жылғы 17 қазан 15:56
Бөлісіңіз:
Үш миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді - сарапшы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бүкіләлемдік остеопорозбен күресу күніне орай баспасөз конференциясы өтті. Тағамтану мен денсаулық сақтау саласының сарапшылары остеопороз дертінің таралуы көрсеткіштерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумы өтіп жатыр Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан Ақтауда тыйым салынған препарат сатқан дәріхана анықталды

Остеопороз – сүйек қаңқасының әлсіреуі салдарынан сүйек сынғыштығына әкелетін созылмалы жүйелі ауру. Халықаралық остеопороз қорының мәліметі бойынша, әр 3 секунд сайын әлемде остеопороз салдарынан сүйек сынады. Ал 50 жастан кейін әрбір екінші әйел және әрбір бесінші ер адам зардап шегіп, өмірінің соңына дейін сүйек сынуы диагнозымен өмір сүреді.

Ең қауіптісі бұл дерт жамбас мойынының сынуына әкеледі және адам қазаға ұшырауы мүмкін. Жамбас мойыны сынуының салдарынан болатын өлімнің жалпы әлемдік көрсеткіші (20%) бірқатар елдерде өсіп келеді.

«Үш миллион қазақстандық сүйек тіні әлсіреуінен зардап шегеді. Остеопороз індетінің өсімі 2012 жылдан бері 8 есе өсті. Бұл өсім адамдардың қазіргі заманда тамақтану рационының өзгеруіне байланысты. Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі әр түрлі жаста 400 бен 1300 грамм арасында болғанымен, қазақстандықтар арасында құрамында кальций бар, әсіресе сүтті және ашыған сүт өнімдерін пайдаланбау кеңінен таралған. Балалар арасындағы тәуліктік тұтыну үлесі 25-30%-ды құрайды», - дейді ҚР дәрігерлер қауымдастығының төрайымы Гүлжан Ғабдуллина.

Ғалымдар бала кезден басталатын теңдестірілген тамақтану рационының болмауы остеопороз дамуының басты себебі деп атайды. Сарапшылар остеопороздың алдын алу мақсатында балалар мен үлкендерге арналған дұрыс тамақтану бойынша өз кеңестерімен бөлісті.

«Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша әлемдегі өлімнің 60%-ы және дерттердің 80%-ы дұрыс тамақтанбауға байланысты. Кальцийдің алмасуы мен сіңуі ағзаның ақуыз бен А дәруменімен қамтамасыз етілуіне байланысты. Өкінішке орай, біз ҚР тұрғындарының тамақтану әдебінің бұзылуын байқап келеміз. Салдарынан денсаулық нашарлайды. Әрбір адамның рационында макро және микро элементтерге, лакто және бифидобактерияларға толы сүт пен «тірі ашымал сүт» өнімдері болуы тиіс», - деді Қазақ тағамтану академиясы мен Ұлттық салауатты тағамтану орталығының президенті Төрегелді Шарманов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Ғылым, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT