Үш күн көз ілмей тоқыма тоқыған жетісулық рекордтар кітабына енді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны Нұрлан Жартыбеков  72  сағат  бойы үзіліссіз тоқыма тоқып, Қазақстанның   рекордтар кітабына екінші мәрте енді. 29 жастағы жігіт үш күннің ішінде 43 метрлік ұзын шарфы тоқып шықты. Енді ол әлемдік рекордтты жаңартпақ ниетте, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

«Бразилиялық азамат 65 сағат үзіліссіз тоқыма тоқыпты. Нұрлан Жартыбеков бұл рекордтан асып түсті. Сондықтан біз барлық материалдарды жинап, әлемдік деңгейдегі рекордтар кітабына жолдауға ниеттеніп отырмыз. Нұрлан үш күн бойы ұйқысыз, көз ілмей тоқыма тоқығанда оның барлық уақыты бақылауда болды. Барлық сәті арнайы бейнебақылауға жазылып отырды және Нұрланның денсаулығын медицина қызметкерлері бақылады. Біздің фотограф мамандар да жанында болды», -  деді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары  Дина Әбілмажинова.

Нұрлан Жартыбеков бала күнінен тоқымаға машықтанған, өнерлі жігіт бұл жолғы рекордын 13 тамыз күні  кешкі  сағат 17:00 де бастап, 16 тамыз күні сағат 19:00 де аяқтады. «Jetisu style» облыстық жастар фестивалінде Нұрланның тоқымасы мәреге жетіп,  Қазақстанның ректордтар кітабының арнайы сертификаты  табыс етілді. Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алғыс хатымен марапаттады.
null 

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанның Қаратал  өзенінің жағалауында «Jetisu style» облыстық жастар фестивалі ұйымдастырылды. Облыс басшысы Амандық Баталов  қатысқан кеште 25 түрлі шара ұйымдастырылды. Бір алаңда 100-ге жуық домбырашы күй шертсе, бір алаңда түрлі көрмелер өтті. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шарада  тұрғындарға тегін қарбыз таратылып, арнайы концерттік бағдарлама да шымылдығын түрді.

Талдықорғандықтардың қарасы қалың болған фествальде  Raim & Artur да болды. Олардың «Самая вышка» әніне отшашу шашылып, халыққа тамаша көңіл-күй сыйлады.

null 

Соңғы жаңалықтар