Үш күн бұрын Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіт табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында үш күн бұрын жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару операциясы туралы ТЖК баспасөз қызметі жариялады.

«Әкелі-балалы екеуі 27 маусымда тауға шығып кеткен. Турист асуына жеткен соң әкесі шаршап, әрі қарай бармаған. Баласы рюкзактарын сол жерге қалдырып, тауға көтерілген. Баласының шыңға жеткеніне көз жеткізген әкесі Үлкен Алматы көлінің жағалауына қарай түскен. Ал баласы шыңнан түсіп келе жатып, жолда ұйықтап калған. Оянған соң асуда рюкзагын қалдырып кеткені есіне түскен. Осылайша қайтадан артқа оралған. Көлдің бойында күткен әкесі алаңдап, құтқарушыларға хабарласқан»,- деді баспасөз қызметінен.

8 құтқарушы іздестіру жұмыстарына кірісті. Олар екі топқа бөлініп, бір топ - Үлкен Алматы көлі, екіншісі - Турист асуы жағынан іздеуді бастап кетті.

«Арада біраз уақыт өткенде жоғалған жігіт Кеңестер шыңынан түсетін жолдан табылды. Бір түн жылы киімсіз тауда қонғанына қарамастан, оның дені сау, медициналық көмекті керек қылған жоқ», - деп мәлім етті ТЖК баспасөз қызметі.

Әке мен бала қауышқан соң құтқарушылар оларға тауда жүріп-тұру ережелерін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар