Үш қазақстандық теннисші жұптық сында Астанадағы турнирдің ширек финалына шықты

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина үшін алғашқы ойын оңайға түскен жоқ.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге үш сетке созылған тартысты бәсекеде индонезиялық Джесси Ромпис – гонконгтық Хонг Ю Вонды тізе бүктірді – 6:3, 2:6, 11:9.

Ширек финалда қазақстандық-белоруссиялық жұп таилықтар Луксика Кумхум – Пеангтарн Плипуекпен кездеседі.

Жібек Құламбаева поляк Мартина Кубкамен бірге өзбекстандық Нигина Абдураимова – грузиялық Екатерина Горгодзеден басым түсті – 7:5, 4:6, 10:7. Олар жартылай финалға шығу үшін доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар На Лэ Хань – Су Джон Чанмен таласады.

Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Екатерина Макарова – Анастасия Захарованы сүріндірді – 6:3, 6:4. Олардың ширек финалдағы қарсыластары – ресейліктер Виктория Дьяченко – Анастасия Тихонова. В.Дьяченко – А.Тихонова жұбы бастапқы бәсекесінде қазақстандық жастар Асылжан Арыстанбекова – Айя Нұпбайды жеңді – 6:4, 7:6 (7:3).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жасар қазақстандық теннисшінің ITF турниріндегі алғашқы кездесуін өткізгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар