Үш қалада атмосфералық ауа ластанады - синоптиктер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 мамыр, жұма күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар