+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Үш еркек пен әйел Ақтөбе тұрғынын ұрлап әкетіп, миллион теңге талап етті

2020 жылғы 13 маусым 12:50
Бөлісіңіз:
Үш еркек пен әйел Ақтөбе тұрғынын ұрлап әкетіп, миллион теңге талап етті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Күдіктілер қала тұрғынын көлікке мінгізіп алып, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде қорқытып, 1 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне 28 жастағы қала тұрғыны арыз түсірген. Арызда ол өзін ұрлап, белгісіз адамдардың ақша талап еткенін жазды.

«Жәбірленуші көрсеткен мекенжайда үш ер адам мен бір әйел адам ұсталды. Күдіктілерден ОСА травматикалық тапаншасы, «Мерседес» көлігінен пышақ пен травматикалық қару тәркіленді. Алдын ала белгілі болғаны, жәбірленуші інісімен қаланың ескі бөлігінде жүрген. Сол кезде белгісіз біреулер екі көлікпен келіп, тапанша тақап, машинаға отырғызып, жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде ұрып-соғып, 1 миллион теңге талап етеді. Таң ата бәрі ұйқыға кеткенде жәбірленуші үшінші қабаттағы балкон арқылы секіріп, қашқан. Бірден облыстық полиция департаментіне келіп, мән-жайды айтып берді» деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, қазір Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Үш ер адам ұсталып, қамалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT