Үш ер адам Көкшетау тұрғынының жалпы сомасы 30,6 миллион теңге болатын мүлкін ұрлаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот анықтағандай, азамат А. алдын ала келісім бойынша бірнеше тұлғамен, азаматтар Т. және А-мен бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, үйге заңсыз кіріп азамат К-ның жалпы сомасы 30 664 488 теңгеге мүлкін ұрлаған.

Сот үкімімен азамат А. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген «Ұрлық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған тиесілі жеке мүлкін тәркілеумен, жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның сыбайластары Т. мен А., 2013 жылғы 7 қарашадағы Көкшетау қалалалық сотының үкімімен бұрын сотталды.

Сонымен қатар, сот сотталушыдан және азаматтар Т. мен А-дан зардап шегушінің пайдасына 20 373 161 теңге материалдық зиянды өндіріп алды.

Соңғы жаңалықтар