Үш буынды сот жүйесін құруды көздейтін заң жобасы Мәжіліске қайтарылды - Сенат

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Қылмыстық,

Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, құжатты Мәжіліске қайтарды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының барлық сот жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде саланың жекелеген буындарын жақсартуға бағытталып отыр. Атап айтқанда, құжат тұжырымдамасы бойынша Қазақстан Республикасындағы үш буынды сот жүйесін құру көзделеді. Бұндағы бірінші буын - ауданаралық және оларға теңестірілген соттар болып, олар бірінші саты бойынша азаматтық  және қылмыстық істерді қарайды. Ал, екінші буын - облыстық және оларға теңестірілген соттарды құрайды. Бұнда сот  істері аппеляциялық және кассациялық тәртіпте қаралатын болады. Сонымен бірге, үшінші  буын - ҚР Жоғарғы Соты болып, ол істерді тек қадағалау тәртібімен қарайды. Заң жобасымен бірінші саты бойынша неғұрлым күрделі қылмыстық істерді, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық соттар және бірінші сатыдағы мамандандырылған әскери соттар енгізілгелі отыр. Бұндай соттарда жасы кәмелетке толмағандар істері де қаралады.  Сондай-ақ соттың осы сатысында жиынтық ұғымымен ажыратылған қылмыстардың көп мәрте болуы, қайталама қылмыстар мәселесі реттеледі.

Бұнымен қоса, құжатта сот үдерісіндегі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету  мақсатында дыбыс және бейне жазбалар секілді техникалық құралдарды қолдану мәселелері де қарастырылып отыр.

Заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында сенаторлар бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, бұндай түзетулер құжат нормаларын конституцияға сәйкес келтіру мақсатында, анықтамаларды нақтылап, заң техникасына сәйкестендіру бағытында енгізілген.

Соңғы жаңалықтар