Үш бойжеткен серфинг тақтайымен Флорида бұғазын кесіп өтпек

Фото: None
  АСТАНА.ҚазАқпарат - Үш америкалық бойжеткен  серфингке арналған тақтайды  және ескекті пайдалана отырып, Куба мен АҚШ-ты бөліп жатқан Флорида бұғазын кесіп өтпек. 

Олар осылайша рекорд жаңартуға бел байлады.

Қыздар сапарларын бейсенбі күні Куба астанасының батысындағы «Марина Хемингуэй» яхта-клубынан бастады. Олар саяхаттарын Флорида штатының Уэст  қаласымен аяқтамақшы. 180 км қашықтықты спортшылар 20-25 сағатта бағындырмаққа бел буып отыр. Жолда қыздар әр екі сағат сайын ауысып тұрады: біреуі тақтайда тұрып ескек еседі, бұл уақытта қалған екеуі жол бойы қастарында еріп жүретін катамаранда демалады.

Серфингке арналған тақтаймен Флорида бұғазын кесіп өткен әлемдегі бірінші адам - америкалық Бен Фрайберг, ол 2013 жылы бұл аралықты  28 сағатта бағындырған.   Ал бұғазды  бүгінгі күнге дейін үш адам бірігіп серфинг тақтайымен қиып өткен емес.   

Соңғы жаңалықтар