Үш айлық нәрестенің өлімі: Ақмолалық дәрігерлерге қатысты тергеу басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Көкшетауда үш айлық нәрестенің өліміне байланысты дәрігерлердің қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, нәрестенің өлімі туралы ақпарат 18 қараша күні түскен.

«Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 317- бабы 3-бөлігі (»Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы«) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Ақмола облысында үш айлық шақалақ көз жұмғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар