Үш әйелді өлтірген қандықол қылмыскердің соты жабық өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш әйелді пышақтап өлтірген Замалдин Палтуевтың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі жабық режимде өтеді. Іс материалдарына сәйкес, 35 жастағы Замалдин Палтуев әйелдерді өлтіріп қана қоймай бірнеше рет зорлаған.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік қылмыс Жетісу ауданында желтоқсанның 1-нен 2-сіне қараған түні болған. 

Күдікті әпкелі-сіңлілі екі әйелді өлтіріп,  үйді өртеп кеткен.

Оқиға орнында әйелдердің көршісі де болған. Көршілеріне көмекке келген ер адамды қылмыскер басынан ұрып талдырған.

Кейін белгілі болғандай, қандықол қылмыскер іздеуде жүрген кезінде тағы бір әйелді бауыздап үлгерген.

Соңғы жаңалықтар