Үш айдан бері із-түзсіз кеткен ақтөбелік әйел табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат - Ақтөбеде үш айдан бері хабарсыз кеткен 45 жастағы Ольга Русанова табылды. Ол шаруашылықта аспаз болып жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қобда аудандық полиция бөлімі осы жылдың қыркүйек айында белгісіз бағытқа кетіп, хабарсыз қалған Ольга Русанованы тапты. Іздеу жұмыстары кезінде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарына да ақпарат жіберілді. Жоғалған әйел Қобда ауданының шаруашылығынан табылды. Ол аспаз болып жұмыс істеген», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар